Trade show. Иллюзионист промоушн үлгісіндегі көрмелерде не тындыра алады деп ойлайтын шығарсыз. Техниканың дамыған дәуірінде болсын көрмелерде заттарды жұртқа жақсы жағынан көрсете білу, тауардың маңызы мен қасиеті аша түсу қиынның қиыны. Көрме барысында тауарды таныстыру үшін аудиторияға керекті, ұтымды сөздерді таба білу, ойын дұрыс жеткізе білу өте маңызды. Сарапшылар сан түрлі тауарлар жайғасқан көрмеде өтіп бара жатқан адамды өзіңе қарату үшін небәрі 4 – ақ секунд уақытың бар дейді. Осы санаулы мезетте көрмеге қатысушыны өзіңізге қатарып, таңқалдыру қолыңыздан келе ме? Осындай сәттерде иллюзионистер сізге таптырмас көмекші бола алады. Ығы-жығы адам мен базардағы қайнаған тіршіліктің ішінде иллюзионистердің сіздің тауарыңызды, брендіңізді қатыстыра отырып жасаған шоулары — адамдардың назарын бірден өзіне аудартуға себеп болады.

Trade show үлгісінде жасалған шоулар сатушының, тауардың және клиенттердің ара қатынасын жақындата отырып, тауардың сапасы мен, қызметтері туралы кеңірек ақпарат береді. Шоудан кейін иллюзионистің еңбегі далаға кетпей, тауарға қызығушылардың саны арта түспесе кемімейді.