Сіз фокусты қалай елестетесіз? Ойыңызға бірден цилиндрдің ішіндегі құлағы қалқиған қоян, көмекшіні қораптың ішіне салып аралау, жылтыр маталар мен құрау заттар оралған болар. Ал мен мұндай жауыр болған көріністерді ұсынбайтынымды мақтанышпен айта аламын. Бүгін сіздерге интерактивті магияны ұсынамын, яғни мұнда басты көмекші көрермендер болып, номерге қатыса алады. Бұл шоуға қатыса отырып санаңыз магияның құдіретін сезіне алады. Көрерменді қатысушының телефонының көз алдында сынып кетуі, адамның ойын оқу, алдағы әрекетін болжау және осы секілді сіздің үш ұйықтасаңызда түсіңізге кірмеген көптеген таңқалуға тұрарлық заманауи номерлер күтіп тұр.