Mentalism – психологиямен тығыз байланысты ұғым. Ментализм — психологиялық эксперименттерді көпшілік алдында жүзеге асырып, экстрасенстік қырыңды ұштай түсетін, есте сақтау қабілетіңнің мықтылығын дәлелдейтін көріністердің бірі. Көріністердің ішіне телепатия, психокинез, тіпті гипнозды да жатқызуға болады. Заттың қол-аяқтың қатысуынсыз сыртқы күштердің әсерінен ой арқылы бірінші орыннан екініш орынға ауысуы немесе пішінін өзгертуі ментализмнің басты ерекшелігі болып табылады. Иллюзионист жұртты заттың өңі, пішіні ой арқылы өзгеріске ұшырағанына сендіре білуі және бойындағы қорқынышты жеңе білу шарт.
Шоу кішігірім аудиториядан бастап 500 адамға дейін арналған.

Жеңіс Айтжановтың дәл осындай әсерлі, тірі көрсетілімдері көрерменді тылсым, сырт күшке сөзсіз сендіре алады. Оның болжап болмайтын, күтпеген, серпінді бағдарламасы қатысып отырған әрбір адамды қазір не болады екен деп тағатсыздандыра түсіп, алаңдата біледі. Жеңіс жұртты алаңдатқыза, таңқалдыра отырып күлдіріп те алатын сиқыршы. Оның шоуында сіз сана шегінен асып түсіп, қиял әлемінде бір сәт қалықтап жүргендей күй кешесіз.