Training speaker – екі сағаттық интерактивті семинар. Бұл жәй ғана семинар емес, мұнда сіз фокустардың шын мәнісінде қалай жасалатынын біліп, сиқыршылық өнердің құпияларын білуге, біздің қоршаған ортаны, әлемді қалай қабылдайтынымызды білуге мүмкіндігіңіз бар.

Мен бизнес-тренер және білікті психолог та емеспін, бар болғаны осы күнге дейін адамдарды сиқырға сендіруге, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін еңбектеніп жүрген жанмын.