Фокусник, иллюзионист және сиқыршы

Мен сиқыр әлеміне сонау бала күнімде келдім. Атақты иллюзионист Девид Коперфильдтің шоулары талайдың таңдайын қақтырған, адамдарды ғажайыпқа сендіре білген тұлға. Ал сиқырға сене білгендер ғана оны сезе алады. Коперфильдтің шоуларына имандай сенгендердің бірі мен едім. «Болмасаңда ұқсап бақ» дегендей атақты сиқыршының ізімен жүруді алдыма мақсат еттім. Бастапқыда небәрі 6 фокусты үйрендім. Оны жерден жеті қоян тапқандай бірінші болып отбасыма, достарыма көрсеткенде олардың жүздерінен таңырқау мен қуанышты байқадым. Көптеген кітаптарды оқып, фильмдерді тамашалап, ондағы саусағымен тиынды ұршықша үйіріп, жұрттың аузын өзіне қарата білген кейіпкерлерге қатты қызығатынмын. Бұл еліктеушілік мені сиқыршылыққа жетелеген маңызды қадам болды.

Өз ісінің шебері болудың құпиясы – ол күнделікті жаттығулар, бос уақытыңның барлығын саусақ ептілігіне, көрермен алдында өз-өзіңді ұстауға, ыммен сөйлесе білуге, ұтымды жауап беруге дағдылана білу.

Бүгін сіздерді өзгеше сиқыр әлеміне, Қазақстандағы иллюзияның жаңа кезеңіне сапар шегуге шақырамын. Сізді Женіс Айтжановтың шоуында магия, иллюзия, ақылдың айлалығы және сіз елестете алмайтын көптеген дүниелер күтіп тұр. Мен сіздерге шоудан жаныңыздың жадырап, ләззат алып қайтатынына кепілдік беремін. Бізде әрқайсыңыз үшін тосын сыйымыз бар. Ендеше, сіз дайынсыз ба? Абра-Кадабра!

Жеңіс Айтжанов сіздерге мынадай қызметтерді ұсына алады:
  • Қайталанбас шоу – жаңа бағдарлама

  • Шоу, Экстремалдық көңіл-күй – шоу барысында орындаушының ғана емес көрерменнің де бойы түршігіп, таңқалатын болады

  • Трюктердің сан алуандығы – қарапайымынан бастап күрделіге дейін

  • Тамашалауға тұрарлық номерлер – 100 пайыз таңқалу

  • Қолжетімділік – Қазақстан, Ресей және алыс, жақын шетел мемлекеттері

Санаңды ғажайыпқа сендіретін, еліктіретін, ұмытылмас әсер сыйлайды, шынайы күлкіге қарық боласыз.